Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі қандай

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі қандай

Қазақстанда ерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары, деп хабарлайды LS.

Осы жылдың қазан айында көрсеткіш айына 55 079 теңгені құрады. Бұл қыркүйектегіден сәл аз – 0,1%-ға және өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары.

Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, 18 жастан асқан ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (айына 64 684 теңге) әйелдерге қарағанда 26%-ға жоғары (51 315 теңге).

Зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін деңгей 50 846 теңгеге, 14 жасқа дейінгі балалар үшін – 48 612 теңге, 14-17 жастағы ұлдар үшін – 68 632 теңге, ал қыздар үшін – 52 585 теңгеге жетті.

Күнкөріс деңгейі сондай-ақ, аймақтар бойынша ерекшеленеді.

Ең үлкен көрсеткіш Маңғыстау облысында – 68 779 теңге. Одан кейін Алматы – 59 844 теңге, Астана – 58 447 теңге, Шығыс Қазақстан – 58 160 теңге, Абай – 56 116 теңге, Алматы – 55 599 теңге, Ұлытау – 55 489 теңге, Солтүстік Қазақстан облысы – 54 377 теңге.

Шымкентте ең төменгі күнкөріс деңгейі 53 684 теңгені, Ақмола облысында – 53 639 теңгені, Жетісуда – 53 092 теңге, Қостанай облысында – 53 040 теңге, Атырау облысында – 52 772 теңге, Павлодар облысында – 52 631 теңге құрады.

Одан кейін Қарағанды – 52 332 теңге, Батыс Қазақстан – 51 759 теңге, Жамбыл – 51 129 теңге, Ақтөбе облысы – 50 807 теңге.

Ең төменгі деңгей Қызылорда облысында – 49 343 теңге, Түркістан облысында – 48 733 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы соңғы бес жылда Қазақстанда өмір сүру деңгейі қалай өзгергенін инфографикада көрсеткен болатын.

Анықтама

Күнкөріс деңгейі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды, сондай-ақ, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті қызметтерді қамтитын ең төменгі тұтыну себетіне тең. Бұған 43 өнім атауы (жалпы соманың 55%), оның ішінде ет, балық, сүт, май, нан, жеміс-көкөніс, олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және т.б. азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге есептің үлесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің барлық сомасының 45% мөлшерінде белгіленген.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика