Қазақстандықтар күріш пен сүтке қарағанда сиыр етін көбірек тұтына бастады, деп хабарлайды LS.
Статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың II тоқсанында Қазақстанның бір тұрғыны орташа есеппен 31,1 кг нан-тоқаш және жарма өнімдерін жеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз.
Күрішті тұтыну 5%-ға, тоқсанына 3,8 кг-ға дейін, макарон мен рожкиды тұтыну 3,7%-ға, 2,6 кг-ға дейін, бидай наны 2,7%-ға, 7,2 кг-ға дейін төмендеді.
Бұл ретте қазақстандықтар қарақұмықты өткен жылмен салыстырғанда (1,6 кг) 6,6%- ға, бидай ұнын –1,8 есе (8,4 кг) тұтына бастады.
Нан-тоқаш және жарма өнімдерін ең көп тұтынатын Түркістан облысының тұрғындары – 43,9 кг, Жетісу – 35 кг, БҚО – 33,9 кг, ал астаналықтар – 24,8 кг, алматылықтар – 25,3 кг және Маңғыстау облысының тұрғындары – 25,9 кг.
Сол кезеңде бір қазақстандық 19,7 кг-нан астам ет пен ет өнімдерін (+3,6%) жеді. Ел тұрғындары негізінен сиыр етін таңдады – 6 кг (+7,1%). Одан кейін шұжық – 1,6 кг, жылқы еті – 1,4 кг (+7,7%), қой еті – 1,4 кг, тауық еті – 1,2 кг және шошқа еті – 862 г.
Ең көп ет пен ет өнімдерін Атырау – 23,4 кг, Маңғыстау – 22,4 кг және Жетісу облыстарында – 22,1 кг жеді.
Бұл ретте Шымкент тұрғындары үш айда орта есеппен 14,1 кг, Қызылорда – 15,1 кг, Түркістан облысында – 15,2 кг ет өнімдерін сатып алды.
Көкөністерге келетін болсақ, қазақстандықтар картопты көп тұтынады. Тоқсан сайын бір адамға осы өнімнің 11 кг (-1%) келді.
Пиязды тұтыну 2,1% (4,7 кг), сәбіз – 7,1% (3 кг) өсті. Бірақ қазақстандықтар қияр мен қызанақты аз жей бастады – тиісінше 2,6 кг (-3,7%) және 2,4 кг (-4%).
Ел тұрғындары жемістерді көбірек тұтына бастады – 4%-ға (тоқсанына орташа есеппен 15,6 кг). Бұл негізінен алма – 4,4 кг (+7,3%) және банан – 1,4 кг (+7,7%). Қазақстандықтар сондай-ақ, құлпынай – 521 г (+25%) және тәтті шиені – 464 г (+33,3%) көбірек жеді.
Жемісті ең көп Маңғыстау облысында жейді – бір тұрғынға 21,4 кг, Астанада – 18,8 кг және Алматыда – 17,9 кг.
Орташа қазақстандықтың рационына 3,6 л шикі сүт (-16,3%), 3,1 л айран (-3,1%), 596 г ірімшік (+20%), 50,7 жұмыртқа (+3,6%), 3,5 л күнбағыс майы кірді.
Тәттіқұмарлар 4,4 кг қант (+7,3%), 622 г шоколадтты кәмпит, 219 г шоколад және 538 г балмұздақ жеді.
Айта кетейік, деректер ұлттық статистика бюросында жүргізілген 11,8 мыңнан астам іріктелген үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижесіне негізделген.
Бұған дейін, LS редакциясы аз қамтылған және ауқатты Қазақстандықтардың тамақтануы қаншалықты ерекшеленетіні туралы жазған болатын.
Источник: lsm.kz