Өндірушілер азық-түлік бағасын тағы 10%-ға көтермек. Бұл туралы LS-ке Nielsen Kazakhstan коммерциялық директоры Мәдина Сейсенғалиева хабарлады.
«Сауда әлемі» конференциясында сөйлеген сөзінде ол халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін айтты. Оның сөзінше, сауалнамаға қатысқан өндірушілердің көпшілігі өз брендтері мен өнімдерінің бағасын 10%-ға дейін көтеруге ниетті.
Бұл ретте әрбір бесінші сатып алушы алдағы үш айда күнделікті сұраныстағы тауарларына бағаның 20%-дан астам өсiмiн күтеді.
«Қазақстандық сатып алушыларға қазір оңай емес. Табыс тауар бағасы сияқты тез өспейді. Сатып алушылардың көпшілігі үнемдеуге мәжбүр, өйткені олар FMCG тауарларына кірістерінің жартысын және одан да көп бөлігін жұмсайды. Біз көріп отырған өзгерістер тек бастамасы ғана. 2022 жыл бойы жағдай тұрақтанады деп үміттеніп, тұтынудың күрт төмендегенін байқамадық. Ал 2023 жылдың басында тауарлардың кейбір санаттары бойынша тұтынудың күрт төмендеуін көріп отырмыз. Себебі сатып алушының әмиянына қысым артып келеді және біздің болжам бойынша сатып алушы одан әрі арзан баға сегменттеріне ауысады», – деді сарапшы.
Сейсенғалиеваның айтуынша, азық-түлік санаттарының көпшілігі сатылымның төмендеуін көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда тек 12 санат бойынша өсiм бар. Ең жылдам дамып келе жатқан санатта – кәмпиттер (+14,8%) және печенье (+14,7%). Ең көп төмендеген жөргектердің сатылымы- 23,5% және майлықтар-өткен жылмен салыстырғанда 25,2%.
Источник: lsm.kz