Қазақстандық кәсіпкерлерге енді қолма-қол ақшамен жұмыс істеудің немесе төлемдерді жүргізу үшін банк бөлімшелеріне жүгінудің қажеті жоқ. Себебі бизнестің қаражаты үнемі «қалтаңызда» – ұялы телефонда болады. Банктер транзакциялар үрдісін қалай жеңілдеткені туралы біздің материалда.
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің танымалдығы соншалық, өткен жылы төлем жүйелері мен тікелей корреспонденттік шоттар арқылы аударымдар көлемі 897 трлн теңгеден асты. Ал Ұлттық банктің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 74%-ы қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын пайдаланады. Жеке тұлғалар арасында телефон нөмірі бойынша және мобильді қосымшадағы QR-код арқылы аударымдар сұранысқа ие.
Елдегі бизнес-қауымдастық әзірге нарықтағы үрдістерден артта қалып отыр, өйткені олар төлемдермен және банк картасымен байланыстырумен шектеледі.
Алайда енді заңды тұлғаларға корпоративтік карталарды мобильді әмияндарға байланыстыру мүмкіндігі берілді.
Бүгінгі таңда бұл функция Jusan Bank-те қолжетімді. Сонымен, жеке кәсіпкерлер мен ЖШС иелері Jusan Business картасын Apple Pay және Google Pay-ге қоса алады.
Картаны ұялы телефонға қалай байланыстыруға болады? Процесс барынша жеңілдетілген. Ол үшін Jusan Business қосымшасын ашып, оны кез келген мобильді әмиянға қосу керек. Бір айта кетерлігі, электронды әмиянға пластик картамен қатар цифрлы картаны да тіркеуге болады.
Осылайша, қазақстандық кәсіпкерлер қолында карта болмаған кезде де шоттарды жедел төлеуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.
Источник: lsm.kz