Қазақстандықтарға зейнетақы ақшасын несиелер мен коммуналдық қызметтерді өтеуге жұмсауға рұқсат беру ұсынылды, деп хабарлайды LS.
Мәжілісмен Аманжан Жамалов тағы да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сын айтып, зейнетақы ақшасын «ашуды» талап етті.
«Әлеуметтік шара ретінде азаматтарға өз жинақтарын өз несиелерін өтеуге, емделуге, оқытуға, коммуналдық қызметтер бойынша қарыздарды төлеуге және басқа да маңызды қажеттіліктерді жинақтардан 30%-ға дейін, бірақ 1 млн теңгеден аспайтын мөлшерде пайдалану құқығын беруге болады деп санаймын», — деді ол.
Депутаттың сөзінше, бұл мақсатты шығындар болғандықтан инфляцияға аздап әсер етуі мүмкін.
«Мысалы, несиелерді өтеу туралы айтатын болсақ, бұл ақша әлдеқашан жұмсалған. Согдықтан мұндай шешім халық үшін жақсы қолдау болмақ. Алдын ала бағалаулар бойынша бұған шамамен 3,5 трлн теңге жұмсалады. Amanat партиясы жанындағы экономика жөніндегі кеңес тиісті есептеулерді ұсынуға дайын», — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Жамалов президенттің зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқаруға рұқсат беру туралы тапсырмасына қатысты пікір білдірді.
«Бұл қоғамда көптен күткен шешім. Дәл осы салауатты бәсекелестіктің болмауы Қазақстанда «екінші дәрежелі» БЖЗҚ-ның пайда болуына алып келді. Бірақ бұл жағдайда өте сақ болу керек. Зейнетақы ақшасы – бұл нақты қаражат, оның негізгі мақсаты – қартайған кезде халықты әлеуметтік қорғау. Бәсекелестік олардың мақсатына зиян тигізбеуі үшін ол қатаң түрде белгіленген ережелер шегінде жүзеге асырылуы керек», — деді ол.
Мәжілісмен қазір үкіметтің, Ұлттық банктің және қаржы реттеу агенттігінің басты міндеті – осы ережелерді әзірлеу екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқаруға беру құқығын кеңейту қажеттігін мәлімдеді.
Бұған дейін, депутаттар БЖЗҚ жұмысын сынға алған болатын. Олардың пікірінше, елімізде азаматтардың зейнетақы жинақтарының деңгейіне қатысты проблемалар бар.
Источник: lsm.kz