Қазақстандағы мұнай мен газ қорының көлемі белгілі болды

Қазақстандағы мұнай мен газ қорының көлемі белгілі болды

Қазақстандағы мұнай мен газ қорының көлемі жарияланды, деп хабарлайды LS.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік есепте 319 мұнай кен орнының қоры тіркелген.

«2025 жылдың басында өндірілетін мұнай қоры 4,2 млрд тоннаны құрады. Оның ішінде А+В+С1 санатындағы қор көлемі- 2,8 млрд тонна, ал С2 санаты бойынша- 1,4 млрд тонна», – деді вице-министр.

Сондай-ақ, мемлекеттік есепте 301 газ кен орнының қоры бар.

«Елде 171 кен орнында өндірілетін еркін газдың баланстық қоры 1,7 трлн текше метр болса, оның 1,2 трлн текше метрі А+В+С1 санатына тиесілі. Ал 259 кен орнындағы өндірілетін еріген газ қоры 2 трлн текше метрді құрайды», – деп нақтылады Е. Ақбаров.

Вице-министрдің айтуынша, 2012 жылға дейін көмірсутек ресурстарының өндірілетін қоры шартты отын есебімен 22,7 млрд тонна деп бағаланған. Кейін шөгінді бассейндерді кешенді зерттеу нәтижесінде бұл көрсеткіш 76 млрд тоннаға дейін ұлғайтылды.

«Өндірілетін ресурстың басым бөлігі – шамамен 70 млрд тонна – Каспий маңы, Үстірт – Бозащы, Маңғыстау және Оңтүстік Торғай шөгінді бассейндеріне тиесілі. Ал қалған 6 млрд тоннаға жуық қор аз зерттелген әрі әлеуеті төмен шөгінді бассейндерде шоғырланған», – деді вице-министр.

Қазіргі таңда көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға қатысты 317 келісімшарт қолданыста. Оның ішінде ең көп келісімшарт Атырау облысыда – 89, Маңғыстау облысыда – 72, Ақтөбе облысында – 66, ал Қызылорда облысында – 41.

Бұдан бөлек, Каспий теңізінің қазақстандық секторы аумағында бес жер қойнауын пайдалану келісімшарты жүзеге асырылып жатыр.

Ел бойынша жалпы 215 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.

Бұған дейін, жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет алдындағы берешегі миллиардтаған теңгеге жеткені хабарланған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика