Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

Егер ипотекалық қарызы бар қазақстандықтар жеке тұлғалар банкроттығы рәсімін пайдалана бастаса, қайталама нарықтағы тұрғын үй арзандауы мүмкін. LS-ке мұндай пікірді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов айтты.

3 наурызда елде банкроттық туралы өтініштер қабылдана бастайды. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің есептеулері бойынша 6,5 мыңға жуық ипотекалық қарыз алушы жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін пайдалана алады.

Ермек Мүсіреповтің айтуынша, қазіргі уақытта абаттандырылған қайталама тұрғын үй нарығы айтарлықтай шарықтап тұр. Ұсынылған бағалар әділ құннан екі-үш есе жоғары.

Сарапшы КСРО кезінде салынған панельдік үйдегі пәтер сапалы жаңа үйдегі пәтерге қарағанда қымбатырақ, бірақ орталықтан алыс екенін мысалға келтірді.

«Қайталама нарыққа шығатын жылжымайтын мүлік нарықтық бағамен белгілі бір пул жасайды. Осының есебінен құны 10-20%- ға төмендеуі мүмкін», — деп түсіндірді Мүсірепов.

Ол қайталама тұрғын үй нарыққа бірден шықпайтынын атап өтті. Бұл біртіндеп болатындықтан ешқандай шу болмайды.

Мүсіреповтың айтуынша, барлық банкрот мәртебесін алғандардың барлығы тұрғын үйін сата бермейді. Шарттарға байланысты олар негізгі қарызды төлей алады. Басқа баспанасы жоқ адамдарды да ескерген жөн. Осыған байланысты сарапшы банкроттық бағдарламасы іске қосылғаннан кейін жылжымайтын мүлік нарығында ажиотаж күтілмейтінін алға тартты.

Өз кезегінде Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев абаттандырылған қайталама тұрғын үйдің бағасы төмендейтініне күмәнмен қарады.

Оның айтуынша, банкроттық жағдайына байланысты пәтерлер қарыздан төмен емес бағамен сатылуы мүмкін. Бұл ретте қазақстандықтар арасында жылжымайтын мүлік сатып алу мүмкіндігінің болмауына байланысты пәтерлер банктердің балансында қала бермек.

Сонымен бірге ол банкроттардың бес жыл бойы бағдарламаларға, соның ішінде тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмауының жағымсыз әсеріне назар аударды.

«Бес жыл – өте ұзақ уақыт. Бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің 60%-зында несие бар, бұл әлеуетті банкроттық қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қатты әсер етеді. Сондықтан олар мерзімді үш жылға дейін қысқартуды ұсынады. Осы аралықта адамның жұмыс тауып, қаржылық жағдайын түзетуі үшін жеткілікті мерзім», — деп түсіндірді Ерғалиев.

Ол тағы да Қазақстанда қолжетімді ипотекалық бағдарламалар қажет екенін атап өтті, өйткені қазіргі уақытта тұрғын үйге деген сұраныс 4,5 млн адамды құрайды. Ал сатып алу мүмкіндігі бәрінде бірдей емес.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика