
Қазақстанда сиыр еті басқа ТМД елдеріне қарағанда арзанырақ, деп хабарлайды LS.
Елдегі жергілікті нарықта 1 кг сиырдың жамбас етінің орташа бағасы шамамен 3,8 мың теңге.
Үндістанда 1 кг ет бағасыт 2,8 мың теңге болса, Украинада – 3,6 мың теңге. Бразилиядағы баға Қазақстандағыдан сәл жоғары – 3,9 мың теңге.
Ал көрші елдерде бағалар одан жоғары. Мысалы, Қырғызстанда 1 кг сиыр еті 4,1 мың теңге, Беларусьте – 4,4 мың теңге, Ресейде – 5,2 мың теңге. Өзбекстан мен Әзірбайжанда баға 5,2-5,3 мың теңгеден асады.
Қытайда, БАӘ мен Уругвайда ет бағасы 5,5–6 мың теңге аралығында. Дамыған елдерде баға айырмашылығы айқын көрінеді: Ұлыбританияда – 7,3 мың теңгеден асады, АҚШ-та – 8,4 мың теңге, Жапонияда – 9 мың теңгеден жоғары.
Францияда орташа баға 11 мың теңгеден асады.
Бұған дейін, LS редакциясы хабарлағандай, Қазақстанда сиыр еті соңғы бір жылда шамамен 30%-ға қымбаттаған, әрі баға өсуі жалғасады.
Источник: lsm.kz





