Жыл басынан бері Қазақстанда зейнеткерлерге төлемдер 800 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды LS.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуіріне қарттыққа төленетін төлемдердің орташа мөлшері 120,7 мың теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82,9 мың теңге, базалық төлем – 37,8 мың теңге.
2023 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен барлығы 824,3 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық – 253,1 млрд теңге, ал ынтымақты – 571,2 млрд теңге.
Елдегі зейнеткерлердің жалпы саны 2,3 млн-ға жуық адам.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін жеке басқаруға беруге мүмкіндік беретін әлеуметтік кодекске қол қойды.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутовамен сұхбаттасқан еді, ол зейнетақы нарығына бірнеше өзгерістер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, жеке басқарушы компаниялардың құқықтарын арттырып, нақты стратегиясы бар бірыңғай реттеушіні бекіту, сондай-ақ шетелдік компаниялармен өзара жұмысты реттестіру.
Источник: lsm.kz