Қазақстанда мыңдаған заңсыз мигранттар ұсталды

Қазақстанда мыңдаған заңсыз мигранттар ұсталды

Қазақстанда мейрамханалар мен таксилерде жұмыс істейтін мыңдаған заңсыз мигранттар анықталды. Бұл туралы LS-ке Ішкі істер министрлігінде (ІІМ) хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, осы жылдың басынан бастап көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 18 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2023 жылы – 73,4 мың шетелдік.

Мигранттардың көпшілігі Өзбекстан азаматтары – биыл 11,1 мың адам. Өткен жылы олардың саны 46,9 мың адамды құрады.

Екінші орында Ресей азаматтары – биыл 2,3 мың адам, өткен жылы 7,3 мың адам. Үшінші орында Тәжікстан азаматтары – биыл 1,1 мың адам, өткен жылы 3,3 мың адам.

ІІМ мәліметінше, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктердің негізгі бөлігі құрылыс нысандарында, дәмхана мен, мейрамханаларда, базарларда, таксистер арасында және т. б. анықталған.

«Шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылықтың біліктілігіне қарай ескерту, айыппұл салу, сондай-ақ, соттың шешімі бойынша әкімшілік қамауға алу не Қазақстаннан әкімшілік шығарып жіберу түрінде шаралар қабылданды», – деді мемлекеттік органда жазалау шаралары туралы айта келе.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика