Қазақстанда көптен күткен зауыт салына бастады

Қазақстанда көптен күткен зауыт салына бастады

Атырау облысында полиэтилен шығаратын алғашқы зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды LS тілшісі өңірлік әкімдікке сілтеме жасап.

Жоба «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында іске асырылуда.

Әкімдіктің мәліметінше, қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары басталды.

«Жобаны Silleno жүзеге асырады, оның акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%), «Сибур Холдинг» (30%)», — деп толықтырды әкімдікте.

Қаржыландыру акционерлердің қаражаты және халықаралық банктерден тартылған несиелер есебінен қамтамасыз етілетіні атап өтілді. Инвестициялар көлемі $7,4 млрд құрайды.

«Полиэтилен өндіруге арналған шикізат этан болып табылады, ол ҚМГ газ бөлу кешенінде «Теңізшевройл» компаниясының кен орындарынан құрғақ газдан бөлінетін болады», -деп түйіндеді әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2021-2025 жылдары басталады деп жоспарланған болатын. Алайда шетелдік инвестор зауыт құрылысына қатысудан бас тартты. Осыдан кейін энергетика министрлігі жаңа серіктес іздеуге кірісті.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика