Қазақстанда жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда

Қазақстанда жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда

Таразда жүзеге асырылмаған екі жобаға тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды LS.

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында (ӘКК) айтылғандай, бастапқыда бірінші учаскеде 38 млрд теңгеге тұрғын үй кешендер тобы, ал екіншісінде – 800 млн теңгеге көппәтерлі әлеуметтік үйлер салыну жоспарланған.

«Жерлердің қайтарылу себебі – прокуратураның нұсқамасына сәйкес бұл нысандардың құрылысы инновациялық жоба болып табылмайды», — деп түсіндірді ӘКК-да.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда жобаларға берілген 4,5 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жазған болатын. Мәселен, 2021-2022 жылдары жеті өңірде 108 учаске тәркіленді. Мысалы, Жамбыл облысында ауданы 21,6 га болатын бір учаске мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика