Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өзгеруі мүмкін

2024 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 мың теңгеден асады, деп хабарлайды LS.

Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» сайтында «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап есептік көрсеткіштер төмендегідей өзгереді:

  • ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге (2023 жылы – 24 341 теңге);
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге (2023 жылы – 53 076 теңге);
  • АЕК – 3 692 теңге (2023 жылы – 3 450 теңге);
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге (2023 жылы – 40 567 теңге).

«Сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және көп еңбек сіңіргені үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат олардың мөлшерінің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылатыны белгіленсін», – делінген заң жобасында.

Бұдан басқа, 2024 жылға арналған республикалық бюджет президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан 2 трлн теңге, ал Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт 1,6 трлн теңге сомасында кепілдік берілген трансферт мөлшерін көздейді.

Құжатта үкіметтің келесі жылға арналған резервін 417,26 млрд теңге сомасында, ал мемлекет басшысының бастамаларына арналған резервті 100 млрд теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды.

Заң жобасын жария талқылау ағымдағы жылдың 4 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика