Қазақстанда азаматтардың деректерін таратқаны үшін жазаны қатаңдату жоспарлануда. LS-ке Цифрлық даму министрлігінде егжей-тегжейі айтылды.
Министрліктің мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске ел азаматтарының дербес деректерінің таралуы үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Оның ішінде осы ақпаратты, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту ұсынылады.
Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды екі-үш есе ұлғайту жоспарлануда. 79-бапқа сәйкес, қазір жауапкершілік мөлшері 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін (2023 жылы 34,5 мыңнан 3,45 млн теңгеге дейін) құрайды.
Бұдан басқа, басқа біреудің ЭЦҚ-сын заңсыз пайдаланғаны, цифрлық кілтті беру қағидаларын бұзғаны және бұлтты цифрлық қолтаңбаны пайдаланғаны үшін жауаптылықты көздейтін түзетулер әзірленді.
«Қажетті талдау рәсімдері жүргізілді, олардың нәтижелерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Бұдан әрі түзетулер заңнамаға сәйкес ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта Сенаттың қарауында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға өзгерістер жобасы тұр. Олар дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау функциясын беру жөніндегі нормаларды көздейді», – деп түсіндірді министрлікте.
Источник: lsm.kz