АЭС құрылысы бойынша мәселе референдумға шығарылмайды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Сенат аясында ол бұл мәселе бойынша алаңның орналасқан жері, жобаны іске асыру процесіне әсер ететін технология мен қаржы-экономикалық модель сұрақтары бар екенін түсіндірді.
Нұрмағанбетов қазіргі уақытта осы салада жұмыс істейтін барлық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастық іздеп жүргенін де тiлге тиек етті. Атап айтқанда, келіссөздерге Кореядан өкілдер келді. Энергетика министрлігі сондай-ақ, Қытай тарапынан шақырту күтiп отыр.
Энергетика министрінің айтуынша, атом станциясының құрылысы мен орналасу мерзімін анықтау бойынша жұмыс әлі аяқталған жоқ. Бұған дейін, мерзімі 2023 жылдың I жартысында жоспарланған болатын.
«Қазір заңнамаға сәйкес мәселе , Алматы облысының мәслихаты ең қоғамдық тыңдауда тұр. Мүмкін біз бір жерде жұмыс істемейтін шығармыз. Бізге жаңа министр келгендiктен, осы мәселе әлі талқылануда. Шешілу керек сұрақтар бар», — деп түйіндеді вице-министр.
Источник: lsm.kz