Қазақстан Ресей астығының теміржол арқылы транзитіне тарифтерді төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы үкімет аясында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
«Тауарларды тасымалдау туралы нақты ұсыныстар болмайынша, баға төмендемейді. Кеше біз көптеген мәселелерді талқыладық, бізде жылжымалы және тасымалдау құрамы жоқ, инфрақұрылымда тар жерлер бар», — деп түсіндірді ол.
Министр сондай-ақ Қазақстан Бақты – Аягөз темір жолын салуды жоспарлап отырғанын еске салды.
«Біз Ресей тарапына жобаға қатысуды ұсындық, өйткені бұл, ең алдымен, олар үшін тиімді. Бұл жүктердің солтүстіктен келетін ағыны. Алайда тарифтердің төмендеуіне байланысты мәселелер әлі туындаған жоқ. Біз ең алдымен ұзақ мерзімді мүдделер туралы ойлаймыз. Бұл туралы мемлекет басшысы да өз жолдауында айтқан болатын», — деп түйіндеді ол.
Бұған дейін, «Ресей темір жолдары» Қазақстанға астықты қоса алғанда, агроөнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға транзиттік тарифті төмендетуді ұсынған болатын.
«Ведомости» ақпараттық порталының ақпаратына сүйенсек, «Ресей темір жолдары» тарапынан Қазақстан темір жолына осы қадамды негіздейтін хат жолданған.
Сондай-ақ, Қазақстан бидай сатып алушылар үшін Ресеймен бәсекелестікке түспек. LS редакциясы Қазақстанның ұн, астық және күрішті кімге сататыны туралы инфографика жариялаған болатын.
Источник: lsm.kz