Қазақстан Германияға 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады – Ақшолақов

Қазақстан Германияға 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алады – Ақшолақов

Қаңтар айында Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында, Қазақстан аталмыш Еуропа еліне 6 млн тоннаға дейін шикізат жеткізе алатынын айтты.

«Германияның қажеттілігі, әрине, жоғары. Экспорт Ресей Федерациясының шекарасы арқылы өтетіндіктен әріптестерімізден ресми растауды күттік. Осы күнге ауызша растауды алдық, жазбаша түрде әлі жоқ. Мұнай жеткілікті», — деді ол.

Бұл ретте ол Қазақстанның көрші ел арқылы мұнай тасымалдауда қиындық болмағанын еске салды.

«Бұған қатысты Ресей Федерациясымен үлкен проблемалар болған емес. Жалпы жылдық көлем 1,5 млн тоннаға дейін болуы мүмкін. Максималды біз жылына 6 млн тонна мұнай бере аламыз,», — деп түсіндірді министр.

Министр сондай-ақ бірінші партияны жеткізу мерзімдерін атап өтті.

«Растауды алғаннан кейін көлік ұйымдары шартқа қол қоюы керек. Бірінші партия – 20 мың тонна көлемінде қаңтарда жөнелтілмек, содан кейін жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда», — деп түйіндеді Ақшолақов.

Бұған дейін, UBS швейцариялық қаржы холдингі мұнайдың барреліне $100-дан жоғары бағасын болжаған болатын.

LS редакциясы сондай-ақ, Қазақстанның қара алтынды қай елдерге экспорттайтыны туралы инфографика жариялаған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика