Қазақстанға 19 шетелдік компания келіп орнықты

Қазақстанға 19 шетелдік компания келіп орнықты

Қазақстанда 19 шетелдік компания өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды LS.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, елде 19 шетелдік компания көшіп келді. Басқалары бойынша әлі де пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министрдің сөзінше, алдағы жеті жылда елімізде кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда. Смайлов бұл жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатқанына сендірді.

Атап айтқанда, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.

«30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 131 мың жаңа жұмыс орнын құру күтілуде», — деді ол.

Смайылов биыл 2 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті. 18,5 мың адам жұмысқа орналасады.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан елге орналастыру бойынша 53 шетелдік компаниямен келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған болатын. Бүгінде әлемнің 35 елінен 300-ден астам шетелдік компаниялардың тізімі құрылды.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика