«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 1,3 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды LS Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне (МКД) сілтеме жасап.
Мемлекеттік орган компанияны ірі салық төлеушілерге қатысты салықтық әкімшілендіру барысында әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«2017 жылы камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету белгіленді. Осыған байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына материал жасалды. Материалдар әкімшілік сотқа берілді», — деп түсіндірді МКД-де.
Ведомствода 2022 жылғы 21 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облыстық соты Қарағанды облысының МКД дәлелдерін қолдағанын және әкімшілік айыппұл күшінде қалғанын нақтылады.
Үкіметтің ақпараты бойынша депутаттардың сауал салуына жауап ретінде бүгінгі таңда компанияға қатысты алты ұсыныс енгізілді, 206 әкімшілік материал қозғалып қаралды, 55,4 млн теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша – 22 млн теңгеге 201 бұзушылық, ТЖД – 9,4 млн теңгеге 102 бұзушылық, СЭС – 23,8 млн теңгеге 25 бұзушылық, еңбек инспекциясы бойынша – бес іс (төрт ескерту және 80 мың теңгеге айыппұл).
Сотқа дейінгі тергеу бойынша ҚК-нің 3-бөлігінің 277-бабы («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша елден тыс жерлерге шығуға 17 адамға шектеу қойылды, іс бойынша 103 адамнан жауап алынып, құжаттаманы алып қою жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 3 қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында газдың кенеттен шығарылуы салдарынан бес адам қаза тапты. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев меншік иесінің комбинаттың техникалық жай-күйін қолдауға және оны жаңғыртуға инвестициялары жеткілікті ме, жоқ па, соны анықтауды тапсырды. Мемлекет бесшысы бұл биылғы жылы өліммен аяқталған екінші трагедия екенін атап өтті. 2006 жылдан бастап металлургия комбинатында 20-дан астам апат орын алып, 100-ден астам азаматтың өмірін қиды.
Кейін премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жыл сайын 187 млрд теңге бөлуге міндеттелетінін айтты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы АМТ-ның одан әрі жұмысына күмән келтірді.
Источник: lsm.kz