Қаржы министрі Оралдағы әуежайдың үлесін ресейлік инвесторларға сату туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды LS.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, әуе айлағы жекешелендірілген нысандар тізімінде болмаған.
«Әуежайдың бір бөлігі әкімдікке және Aqjaiyq әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына (ӘКК) тиесілі, яғни ол республикалық меншікте емес. Менің білуімше, тек ұшу-қону жолағы ғана мемлекеттік меншікте», — деді ол.
Бұл ретте министр бұл стратегиялық объектіні иеленуге беру туралы емес, сенімгерлік басқару туралы айтып отырғанын түсіндірді. Мәміленің егжей-тегжейін алдағы уақытта айтуға уәде берді.
«Менің ойымша, бұл жерде белгілі бір түсініспестік бар. Бұл стратегиялық нысан – ұшу-қону жолағы туралы емес, тек әуежайды басқаратын ЖШС туралы әңгіме», — деп толықтырды Жамаубаев.
Источник: lsm.kz