Қанша зейнеткер барлық жинақ ақшасын шеше алады

Қанша зейнеткер барлық жинақ ақшасын шеше алады

Қазақстанда 75 мың зейнеткер барлық жинақтарын емделуге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алады, деп хабарлайды LS.

Бұл мүмкіндік осы жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді болады.

Еңбек министрлігінде LS-тің ресми сауалына жауап ретінде 75 мың қазақстандық барлық соманы ала алатынын, ал олардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 120 млрд теңгені құрайтынын жеткізді.

Министрлікте зейнетақы төлемдерін тағайындауды бірқатар мемлекеттік органдар жүзеге асыратынын түсіндірді. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, мемлекеттік қорғау қызметі, Бас прокуратура, қаржы мониторинг агенттігі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бар.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнеткер интернет-платформа арқылы Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі банктерге, ал емдеу лу мақсатында – тек Отбасы банкіне жүгінуі тиіс.

Бұған дейін, LS редакциясы қазақстандықтар ағымдағы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін жеке басқаруға бере алатынын жазған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика