Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тiзiмi жарияланды

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тiзiмi жарияланды

Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің (ТК) тізімін жариялады, деп хабарлайды LS.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, желілерде құрылысқа қажетті рұқсат пакеттері жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы хабарландырулар тарауда.

Толық жобалау алдындағы құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ұсынылмайтын ТК тізіміне мыналар кірді:

«KHAN» клуб үйі – Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ;

 «Castle Rock» ТК – Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ, жоба эскизі – жоқ;

 «Rich» клуб үйі – Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ;

 «Esentai Terrace» клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) – Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ – бар, жоба эскизі – жоқ;

 «Alma Garden» клуб үйі – Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаскелер, СЖТ, жоба эскизі – жоқ;

 Chelsea Club House клуб үйі – Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ, жоба эскизі – жоқ;

 «Цюрих» ТК – Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ, жоба эскизі – жоқ;

 «Flora» ТК – Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10.  СЖТ, жоба эскизі – жоқ;

 «Lantana» ТК – Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі.  СЖТ, жоба эскизі – жоқ.

Бұған дейін LS редакциясы алматылықтардан салынып жатқан ТК-да пәтер сатып алу кезінде абай болу сұралатынын хабарлаған болатын. Олар заңсыз болуы мүмкін. Мысалы, әкімдіктің мәліметінше, Қарағайлы шағын ауданындағы «Француз үйі» ТК құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз салынуда. Сонымен қатар, учаскенің мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу. Осы ТК бойынша сотқа құрылыс-монтаждау жұмыстарына тыйым салу және салынып жатқан жылжымайтын мүлікке алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасасу туралы талап-арыз жіберілді.

Әкімдікте салынып жатқан тұрғын үй кешендерін қала құрылысын бақылау басқармасының жедел желісінің нөмірі бойынша құжаттардың бар-жоғын тексеруге болатынын еске салды: 8 (727) 229-81-36.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика