Алматыдағы целлюлоза зауыты қаладан тыс жерге көшірілмек

Алматыдағы целлюлоза зауыты қаладан тыс жерге көшірілмек

Алматыдан облысқа тағы бір зауытты көшіру жоспарлануда. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында Alma Сity тұрғын үй кешенінің тұрғыны сатып алынған кешеннің жанында зауыт жұмыс істеп тұрғанына шағымданды. Оның айтуынша, үй тұрғындары тіпті терезелерін аша алмайды.

Әкім өз сөзінде тұрғын үй сатып аларда жақын жерде жұмыс істеп тұрған өндіріс ошақтарын ескеру керек екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, мәселені қалай шешуге болатынына тоқталды.

«Бүгінгі таңда аталмыш целлюлоза зауытын Алматы облысына көшіру жолдары қарастырылып жатыр», — деп түсіндірді.

Бұған дейін, LS редакциясы Алматыдағы проблемалық зауыттың орналасу аймағын ауыстыру мәселесі көтерілгені туралы хабарлаған болатын.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика