Алматыда 2030 жылға дейін азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 6 трлн теңгеден астам қаражат қажет, деп хабарлайды LS.
2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарды таныстыру барысында қала құрылысшысы Тамара Залогина Алматыда халық санының 2030 жылға қарай 2,5 млн адамға және 2040 жылға қарай 3 млн адамға дейін өсуі күтілетінін атап өтті.
Сарапшының айтуынша, 2040 жылға дейін тұрғын үй құрылысының көлемі 45,6 млн шаршы метрді құрауы тиіс, оның ішінде 34 млн шаршы метр 1,1 млн жаңа тұрғынға қажет.
Сондай-ақ бұзылған ескі тұрғын үйдің өтемақысына – 2,6 млн шаршы метр. Барлығы 1,82 млн шаршы метр үйді бұзу қажет болады.
Қолданыстағы тұрғын үй қорының тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 9,01 млн шаршы метр қажет.
2020-2030 жылдарға арналған жаңа жылжымайтын мүлік құрылысының құны 6,9 трлн теңгеге бағаланады.
Осы мақсаттар үшін 5,7 мың га, оның ішінде 41 мың шаршы метр көпқабатты үйлер, екі қабаттан және одан жоғары үйлер – 4,2 мың га қолжетімді.
2020-2040 жылдары салынатын үйлердің ең көп көлемі оңтүстік-батыс аумаққа келеді – 17,9 млн шаршы метр. Бұдан әрі шығыс аймақ – 10,3 млн шаршы метр. Қаланың бұл бөліктеріне жаңа көпқабатты ғимараттардың ең көп үлесі тиесілі. Аз қабатты тұрғын үйлердің көбі қала орталығында салынады.
Бұған дейін, LS редакциясы Алматының бес орталыққа бөлінетінін және оларды дамытуға 2 трлн теңге жұмсалатынын хабарлаған болатын.
Источник: lsm.kz