Алматыда кәсіпкерлер мен қаржыгерлердің қатысуымен ауқымды бизнес-форум өтеді

Алматыда кәсіпкерлер мен қаржыгерлердің қатысуымен ауқымды бизнес-форум өтеді

«Sana Business Forum» бизнес форумы 50-ден аса сарапшы мен 300-ден астам қатысушының басын біріктірмек. Басты мақсат- Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелері, сын-қатерлері және мүмкіндіктерін талқылау, деп хабарлайды LS. 

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарында  ұлттық экономика министрлігінен және ауыл шаруашылық министрлігінін өкілдері, экономист Жақсыбек Құлекеев, экономист Мақсат Халық, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, TasGroup қаржы компаниялар тобының негізін қалаушы әрі басшысы Дулат Тастекей және басқа да іскер азаматтар қатысады.  

Бұдан бөлек 50-ге жуық ел арасында танылып жүрген зиялы азаматтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар бой көрсетпек.

Форумның бағдарламасы III панельдік сессиядан тұрады. Панельдік сессияларда шағын және орта бизнесті масштабтау, мықты команда құру және кәсіптегі иновациялар тақырыптары аясында баяндамалар оқылып, пікірлер талқыға салынады.

Понельдік сессия тақырыптары мен жүргізушілері:

— Шағын және орта бизнес дамуы: экспорттау және масштабтау мүмкіндіктері (модератор Ерболат Мұхамеджан);

— Мықты команда құру: Бизнестегі тиімділік және нәтижелілік (модератор Ескендір Бестай);

— Инновациялар және Data Science: Кәсіптің жаңа тыныстары (модератор Айбар Олжай).

Сондай-ақ, форумға еліміздің белгілі БАҚ өкілдері қатысады.

Сонымен қатар Youtube желісі арқылы тікелей эфир жүргізу жоспарлануда.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика