Алматыда жаңа өндіріс ошақтары ашылды

Алматыда жаңа өндіріс ошақтары ашылды

Алматыда 10 млрд теңгеге тоғыз жоба іске қосылды. 2023 жылғы осындай қорытындылармен қала әкімдігінде бөлісті деп хабарлайды LS.

Индустриялық аймақ аумағында өткен жылы 9,6 млрд теңгеге сегіз нысан ашылды. Ақпаратқа сәйкес, 585 жұмыс орны құрылды. Әкімдіктің мәліметінше, мегаполисте хош иісті сабын өндірісі жолға қойылған. Сондай-ақ, жылыжай, тамшылатып суару өнімдерін шығаратын зауыт ашылды.

Қалада сондай-ақ, бояу және салқындатқыш сұйықтықтарды қайта өңдеу зауыты пайда болды. Индустриялық аймақта 1,3 млрд теңгеге үш шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істейді, онда 300 адам жұмыспен қамтылды.

Ал «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында инновациялық технологияны RAWAK төмен вольтты жүйесін қолдана отырып, электротехникалық жабдықтар өндірісі салынып, пайдалануға берілді. Малайзиямен бірге жүзеге асырылған жобаның құны – 980 млн теңге. Жаңа 15 жұмыс орны құрылды. Қуаттылығы жылына шамамен 2 мың өнім бірлігін құрайды.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика