Шілде айында БАКАД арқылы арқылы жол жүру ақылы болады. Тиісті қаулыға қол қойылды, деп хабарлайды LS.
Құжатқа сәйкес, БАКАД бойынша жол жүру құны, жүріп өткен жолға қарамастан, бір сағат ішінде жеңіл автомобиль үшін 0,07 АЕК (241,5 теңге), жүк көлігі 10-нан 15 тоннаға дейін – 0,2 АЕК (690 теңге), ал 15 тоннадан, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар – 0,22 АЕК құрайды (759 теңге).
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін баға 0,08 АЕК (276 теңге), қоғамдық көлік үшін 32 жолаушы орнына дейін және жүк көлігі үшін 5,5 тоннаға дейін – 0,14 АЕК (483 теңге) құрайды.
32 жолаушы орны бар автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері жол жүру үшін 0,16 АЕК (552 теңге) төлейтін болады.
Сондай-ақ, құжатта Алматы облысының аудандарында тіркелген автокөлік жүргізушілері үшін абоненттік төлем қарастырылғаны хабарланды. Мәселен, жеңіл автомобильдер үшін бір айда жол жүру 0,5 АЕК (1725 теңге), 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2 АЕК (6900 теңге), 15 тоннадан, оның ішінде тіркемелермен, ершікті тартқыштармен – 2,5 АЕК (8625 теңге) құрайды.
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін жол жүру құны 0,6 АЕК (2070 теңге), 32 жолаушы орнына дейін және жүк көлігі 5,5 тоннаға дейін – 1 АЕК (3450 теңге) тұрады. 32 жолаушы орны бар автобустар мен жүк көліктері 10 тоннаға дейін БАКАД пайдалану үшін айына 1,5 АЕК (5175 теңге) төлейді.
Жеңіл автомобильдер үшін бір жылдағы абоненттік төлем 5 АЕК (17 250 теңге), 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 АЕК (69 мың), 15 тоннадан, оның ішінде тіркемелермен, ершікті тартқыштармен – 25 АЕК (86 250 теңге) құрайды.
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің иелері 6 АЕК (20 700 теңге), 32 жолаушы орнына дейін және жүк көліктеріне 5,5 тоннаға дейін – 10 АЕК (34 500 теңге), ал автобустарға 32 жолаушы орнына және жүк көліктеріне 10 тоннаға дейін – 15 АЕК (51 750 теңге).
Ақылы учаскенің бастапқы пункті – Алматы – Ұзынағаш автожолының 22+640 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – Алматы – Талғар жолының 22+000 км.
Автожолдағы төлемдер 2023 жылдың 21 шілдесінен бастап енгізіледі деп күтілуде. Төлем Free flow жүйесі енгізілген аркалардан өткен кезде алынады. Мұнда автомобильдерді динамикалық өлшеу жүйелері орнатылған.
Сонымен қатар, Алматы және Алматы облыстары арқылы баламалы жолдармен де жүруге болады.
Источник: lsm.kz