Алматы облысында чипсы өндірілмек

Алматы облысында чипсы өндірілмек

Алматы облысында халықаралық компаниялар $815 млн-ға бес жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, өңірде американдық PepsiCo компаниясы Lay's чипсы өндірісін жолға қоя алады. Ресейлік компанияның қатысуымен А санатындағы қоймалар пайда болады. Ресей Федерациясының тағы бір инвесторы логистикалық кешен ашуға ниетті. Ал Оңтүстік Кореяның қатысуымен облыста темекі өнімдерін өндіру іске қосылуы мүмкін. Сондай-ақ, өңірде киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сату орталығы ашылады.

Өңір басшысы аталған бес жобаны іске асыру есебінен Алматы облысы халықаралық компаниялардан $815 млн алатынын атап өтті.

Источник: lsm.kz

Яндекс.Метрика