Домой Новости Казахстана Экономика 6,5 мыңға жуық қазақстандық ипотекалық қарызын есептен шығара алады

6,5 мыңға жуық қазақстандық ипотекалық қарызын есептен шығара алады

310
0

6,5 мыңға жуық қазақстандық ипотекалық қарызын есептен шығара алады

Қазақстанда 6,5 мыңға тарта ипотекалық қарыз алушы жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімін пайдалана алады, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, бүгінде елімізде ипотекалық несиелердің жалпы портфелі шамамен 4,7 трлн теңге. 449 мыңға жуық адам қарыз алушылар санатында.

Спикердің сөзінше, тұрғын үйді сақтап қалу үшін заңнамада өткен жылы енгізілген сотқа дейінгі реттеу рәсімі көзделген. Бұл құрал адамдарға мерзімі өткен несиелерді өтеуге және несиені қайта құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Әбдірахмановтың айтуынша, 2015 жылдан бастап елде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істейді.

«Оның аясында 9,5 мыңға жуық азаматтың борыштық жүктемесі азайтылды. Біз бұл бағдарламаны осы жылдың шілдесіне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, осы санаттағы 967 мыңға жуық қарыз алушыға қосымша қаржылай қолдау көрсетілмек», — деп түсіндірді ол.

Өз кезегінде қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің болжауынша, банкроттық туралы өтінішті ең көп дегенде 1,1 млн адам беруі мүмкін.

«Бұл ерікті іс, бірақ мен азаматтардың көпшілігі банкроттық мәртебенің басқа да тұстарын ескеріп, дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдімін», — деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай мәртебені алған кезде бес жыл ішінде несие беру бойынша шектеу қолданылатынын және жеті жыл бойы адам арнайы тізілімде тұратынын еске салды. Жыл басынан бері бұл мәселе бойынша министрлікке 10 мың адам жүгінген.

Біржанов адамның банкроттық рәсіміне жататындығы туралы шешім қалай шығарылатынын түсіндіре кетті.

«Қарыз алушы өтініш бергеннен кейін мемлекеттік мекемелерге бізден сұраулар жіберіледі. Бұл біз деректер алатын 22 ақпарат көзі. Осыдан кейін жеке тұлғаның барлық критерийлерге сәйкестігі тексеріледі», — деді ол.

Оң шешім қабылданған жағдайда қарыз алушы 15 күн ішінде мақұлдау алады және тиісті тізілімге енгізіледі.

«Бұдан әрі өтінішті қарау рәсімі өтеді. Бізде скорингтік жүйе әзірленді, ол қазір басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен сыналуда. Жүйе наурызға қарай дайын болады. Қазір біздің порталда тиісті нысандар орналастырылған. Азаматтар олармен таныса алады. Алайда 8 ақпанға дейін түзетулер енгізілуі мүмкін», — деп түйіндеді Біржанов.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар банкроттыққа наурыз айынан бастап банкроттықа арыз бере алады.

Заңда азаматтардың банкроттықтың үш түрін- сот арқылы, соттан тыс және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Соттан тыс процедура Egov-та өтеді. Қарызы 4,9 млн теңгеден аспайтын қазақстандықтар ғана өтініш бере алады. Бұдан басқа, табыстың, мүліктің болмауы не оның табыстарының сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Сот арқылы банкроттыққа келетін болсақ, оған 4,9 млн теңгеден астам берешегі бар адамдар жүгіне алады. Сондай-ақ, борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады, ал түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бес жылдан аспайтын мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Борышкерге көмек қаржы басқарушысымен бірлесіп көрсетіледі және сотта бекітіледі.

Сонымен қатар, заңгер Дәулет Әбжанов жаңа заңға қатысты өз алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша, қарыз алушылар аталмыш заңды өз міндеттемелерін орындаудан жалтару құралы ретінде қолдана бастайды деген қауіп бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қаңтар айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттық туралы Заңын әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Источник: lsm.kz

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму