Домой Новости Казахстана Экономиканың нақты секторына инвестиция қажет

Экономиканың нақты секторына инвестиция қажет

392
0

Қазақстан экономикасының нақты секторы отандық инвестицияға қол жеткізе алмаудың салдарынан сырттан қарыз алуға мәжбүр. Қазақстан Халық партиясы жағдайды түбегейлі өзгертуге шақырды.

– Біз индустриялық-инновациялық дамуға арналған шығыстар жоспарлы түрде қысқарып жатқанын көріп отырмыз, – деді пленарлық отырыста ҚХП парламенттік фракциясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров, –экономиканың нақты секторы арзан және ұзақ айналым қаражатына қол жеткізудің күрделі проблемасын бастан кешіруде.

Елде инфрақұрылымды, экономиканы дамытуға қаржы жетіспейді, ал отандық кәсіпорындар кейде үлкен пайызбен шетелден қарыз алуға мәжбүр болады. Бұл қарапайым азаматтардың қалтасын қағады. Әл-ауқатына кері  әсерін тигізеді.

– Қазақстанда отбасылық бюджеттің орташа тапшылығы 35%-ға жетті, – деп атап өтті депутат. – Азаматтар тапшылықты тұтынушылық несие мен банктерден және микроқаржы ұйымдарынан алатын қарыз есебінен жабуға мәжбүр. Ел ішіндегі қорландыру көзінің тапшылығына қарамастан, ұлттық компаниялар басқа елдердің экономикасына инвестиция салады немесе қаржыны шет елге орналастырады. Тәжірибе көрсеткендей бұл бастама сәтті бола бермейді. Бұл ретте БЖЗҚ-ның 250 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі зейнетақы қаражатын Әзербайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына мәжбүрлі түрде айырбастай отырып, Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларына тәуекелмен инвестиция құйғанын еске түсіру жеткілікті.

Бізде шетелдік жобаларға салынған инвестициялардың ашықтығы мен нәтижесін талдау, тиімділігін анықтау, теріс салдарға әкеп соқтырған шешім қабылдаған тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат жоқ, – деді Айқын Қоңыров.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкеледі, сыртқы қарыз деңгейінің төмендеуіне, жергілікті стартаптардың және басқа да қажетті жобалардың дамуына ықпал етеді деп санайды.

– Біздің ұлттық компанияларымыз соңғы 10 жылда шетелде қандай активтерге иелік еткені, инвестор компанияны, инвестицияланатын жобалардың мәнін, олардың кірістілігін немесе залалын, қайтару мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, басқа елдердің экономикасына қанша қаражат инвестицияланғаны туралы мәлімет ұсынуды сұраймыз, – деп қорытты сөзін

ҚХП баспасөз қызметі

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму