Домой Мнение Мнение редакции Екітүрлі погон таққан құзырлы орган өкілі желіде күлкіге қалды

Екітүрлі погон таққан құзырлы орган өкілі желіде күлкіге қалды

836
0
Видеодағы кадр

Әлеуметтік желіде погон таққан әйелдің «Saryarqa» телеарнасына берген сұхбаты қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Ең қызығы, видеода құзырлы орган өкілінің сұхбатта не айтқандығы емес, оның екі иығына екітүрлі погон тағып алғандығы желі қолданушыларын елең еткізді.

Бейнежазбадан байқасаңыздар, титрда «Жұлдыз Буламбекова, руководитель управления комитета по правовой статистике и специальным учетам» деп жазылған. Ал оның бір иығына жұлдыздың орнына «белгісіз бір белгі тағылған».

Посты көргендер болса, мұны күлкіге айналдырды.

«Ұят болған екен. Қазақша оқытып, орысшаға аударса болмай ма екен? Ай, қасқалар-ай! Бүкіл ІІМ жұмысын нөл қылды-ау», «Масқара», «Пагон қандай болса жұмысы да сондай кері кеткен деп осыны айтуға болатын шығар», «Ойбу, қалай тағу керек екенін білмейді ғой. Амал қанша?», «Бірдемені тындырғандай судырауын қарашы!», деп жағымсыз пікірлерді қарша боратты.

Источник: newtimes.kz

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму