Домой Новости Казахстана Егіндікөлде күрделі жөндеу жасалған мектептің жағдайы мұғалімдердің наразылығын тудырды ...

Егіндікөлде күрделі жөндеу жасалған мектептің жағдайы мұғалімдердің наразылығын тудырды 15 сентября 2023, 09:17

39
0

Ақмола облысының Егіндікөл ауданында былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен мектептің төбесінен су сорғалап тұр. Мектеп ұжымы Ақмола облысының

  • АВТОР
  • Сымбат Сатыбалдина Журналист
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Подписаться на канал новостей TengriNews:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Новости
  • Новости Казахстана
  • Новости мира
  • Нашли ошибку?


Егіндікөлде күрделі жөндеу жасалған мектептің жағдайы мұғалімдердің наразылығын тудырды
                15 сентября 2023, 09:17

Абзал Алпысбайұлы/Massaget

Ақмола облысының Егіндікөл ауданында былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен мектептің төбесінен су сорғалап тұр. Мектеп ұжымы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа шағым жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр аудан орталығындағы №2 Егіндікөл орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысы басталған. Мемлекет қазынасынан білім ордасын жөндеуге 296 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Алайда жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат бөлінген мектептің қазіргі жағдайы алаңдатарлық. Шатырынан су сорғалаған мектепте оқушылар сабақ оқуға мәжбүр.

Деректерге сенсек, күрделі жөндеу жұмыстарына «ГрандСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болған. Құзырлы органның Егіндікөл ауданындық білім бөлімінің мердігерге жауапсыз қарауынан әрі бақылау болмағандықтан мектептің жағдайы мұндай халге түскен. Мектеп мұғалімдері оқу орнындағы өрескел заңбұзушылықтың назарға алмағанын, балалардың қауіпсіздігіне мән берілмегенін жеткізді.

Білім бөлімінің басшысы Арай Әбенованың тарапынан бақылау болмағаннан және жауапсыздығынан мектептің күрделі жөндеуден кейінгі хәлі шошытып тұр. Арай Әбенованың айтуынша, мердігерлер жұмысты мерзімінде аяқтамаған. Ол қабылдау актісіне әлі қол қойылмаған, мектептің барлық құқығы бұзылған. Сондықтан биыл 15 маусымда шатырды жөндеу үшін жеке кәсіпкер «А.Жүсіповпен» тағы келісімшарт жасалған.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Источник: tengrinews.kz

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму