Еділ Жаңбыршин соғыс майдангерлерін дәріптеуді ұлттық деңгейге көтеруді ұсынды

Бұл туралы депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Атырау қаласында өтіп жатқан үшінші республикалық құрылтай аясында айтты.
«Бұған дейін сіз соғыста ерлік көрсеткен майдангерлерге «Халық қаһарманы» атағын берген болатынсыз. Осы үрдісті жалғастыру керек. Және майдангерлер есімдерін көше, мектептерге беру. Арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, мақалалар жазу, фильмдер түсіру.
Сонымен бірге, бұл бағыттағы жұмысты қаржыландыруға «Самұрық – Қазына» сынды компанияларға жүктеу. Және жұмысты жүйелі атқару үшін арнайы комиссия құру керек» деді депутат

Яндекс.Метрика