Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық — драма театры XXV — маусымын Медеу Сәрсекенің » Тендерге түскен келіншек » драмасының премьерасымен ашты.⠀
⠀
Драманың қоюшы режиссері — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев, қоюшы суретшісі — Маймұра Топанбаева. Спектакльдің қойылып жатқанына бір айға жақын уақыт өткеніне қарамастан, әр қойылым сайын көрермен залы лық толы.⠀
⠀
Қарапайым ата — ана Таубай мен Сағиланың ұлы мен келіні көлікпен адам қағып кетеді. Айып арқалап темір торға қамалған жалғыз ұлды пара беріп құтқару үшін 100 мың доллар керек болады. Бауыр еті баласын уайымдап, сарсаңға түскен әке мен шеше бұл ақшаны қайдан таппақ? Тығырыққа тірелген ана, баласын темір тордан құтқарып алу үшін өзін сатуға мәжбүр болады. ⠀
⠀
✅Ары қарай не болғанын білгіңіз келсе, театрға келіңіз!⠀
⠀
Басты рөлдерді сомдаған ҚР «Мәдениет саласының үздігі » атағының иегерлері Қайрат Мырзаболатов пен Маржан Букешованың көрсеткен шеберлігі көрерменді ерекше тамсандырды. Олар тіпті сахнада ойнап емес, өмір сүріп жатқандай болды. ⠀
⠀
Театр ісінің хас шеберлері ҚР «Мәдениет қайраткері » атағының иегерлері Еркебұлан Төлеуов, Ғалия Қорабаева мен Асланбек Шайсұлтанов өз рөлдерін кәсіби деңгейде орындады. ⠀
⠀
Сонымен қатар, Еркетайдың рөлін сомдаған кішкентай актриса Айару Мыңжасар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. ⠀
⠀
Әртістер өз рөлдердін шынайы сомдағаны сонша, жиналған қауымды тебірентіп, көзіне жас алдырды. ⠀
⠀
Бұл туынды қоғамға ой тастап, жемқорлық пен тойымсыздықты әшкерелеп, тосыннан келген қиындықтар бір отбасының өміріне қандай ықпал тигізетіні туралы ой салады. Тәрбиелік мәні зор спектакль!⠀
⠀
#театр #көкшетау #каздрамтеатр #өнер #спектакль #әртіс #бастырөл⠀
⠀