Домой Новости Казахстана Культура Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Отандық қызметтің шежіресі. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы деректер»,...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Отандық қызметтің шежіресі. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы деректер», «Мемлекеттік шекара» атты қос кітап жарыққа шықты

607
0

Абай Мырзахметов атындағы университеттің базасында аталған туындылардың презентациясы өткізілді.

Кітаптардың презентациясы өткен аптада еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Көкшетау қаласында ұйымдастырылған іс-шараға ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері мен қызметкерлері және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты- жастарды отандық арнайы қызмет жұмысымен таныстыру.

Әр кітапта еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шекарасын қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі баяндалған. Олардың ішінде ақмолалықтар да бар.

Отандық арнайы қызметтің тарихы туралы кітаптың таралымы 2 мың дана. Кітаптың екі тілдегі электронды нұсқасын интернет-платформалардан жүктеп алуға болады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму