Домой Новости Казахстана Культура Соңғы 3 жылда облыста 85 мәдениет нысаны жөндеуден өтті

Соңғы 3 жылда облыста 85 мәдениет нысаны жөндеуден өтті

319
0

Ол үшін мемлекет қазынасынан 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жалпы 30 жыл ішінде  аймақта 123 кітапхана, 7 музей және 107 клуб ашылған. Бұл туралы мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының өткізген брифингінде айтылды. Аймақтың мәдениет саласындағы жетістіктері мен жоспарларын тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.

Тәуелсіздік 30 жылдығы қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінде қуғын-сүргін жылдарына арналған «Тәуелсіздік рухы» залы, мен Біржан сал ауданында «Сал серілер» музейі ашылады деп жоспарланып отыр. М.Ғабдуллин музейі, «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейінің құрылыс аяқталды. Ал Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жанынан «Бурабай» күй мектебі ашылды. Дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттау үшін де «Дәстүрлі ән орталығын» ашу жоспарланып отыр.

Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фольклорлық ансамбльдердің аймақтық байқауы өткізілді. Сондай-ақ, Ақмола облысы суретшілерінің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Азат елдің аспаны» атты бірінші арт-альбомының тұсаукесері өтеді деп жоспарланып отыр.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму