
Көкшетау жоғарғы техникалық колледжінің командасы бірінші орынға ие болды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында жастар арасында бірнеше бағыт бойынша байқау ұйымдастырылды. Зерттеуші жас ғалымдар өлкенің тарихына бойласа, студенттік қозғалыс ұйымдары жақсылық жасап жарысқан. Ал жас ұстаздар үздік әдістемелерін ортаға салып, кіл мықтыны анықтады.