Осыған орай «Тәуелсіз елдің заманауи кітапханасы» атты облыстық форум ұйымдастырылды. Іс-шара аясында кітапхана ардагерлері, қызметкерлері, ақын-жазушылар марапатталды.
Тарихы сонау 1919 жылдан бастау алатын облыстық кітапхана сол кездерден бастап бүгінге дейін қаншама ұрпаққа қызмет етіп қана қоймай, адамдыққа тәрбиелеп, жақсылыққа үгіттейтін мәдениет мекеніне айналды. Ғасырлық тарихы бар кітапханада қазіргі таңда ғылыми, көркем әдеби және тағы басқа салаларды қамтитын 300 мыңнан астам кітап қоры сақталған.
Сондай-ақ, аталмыш форумда «Үздік оқырман-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Солардың бірі- Нұрбол Бекжанов. Ол Аршалы ауданының тұрғыны. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты ұлы ақын, жазушылардың шығармаларын оқығанды ұнатады. Сайысқа отбасымен бірге қатысқан.
Іс-шара барысында ардагерлер, сондай-ақ облыстық және аудандық кітапханашылар төс белгілермен, сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.