Бүгін Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанованың жеке концерті өтті.
Кеш барысында дәстүрлі әнші жеке домбырада ән шырқап, көрермен қауымын әсем сазды дауысымен тәнті етті.
Дирижер Жанат Рашиттың жетекшілік етуімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде көпшілікке танымал халық әндері мен Қазақстан композиторларының шығармалары да орындалды.
Кеш барысында дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов пен «Гәкку» би ансамблі де өз өнерлерін ортаға салды.