Көкшетауда «Тәуелсіздік әдебиеті» форумы өтті

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған, Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы жобасы аясында ҚР Жазушылар Одағы өкілдерінің, ҚР Әдебиет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Тәуелсіздік әдебиеті»  әдеби форумы ұйымдастырылды.

Мақсаты: халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, публицист, ақын, аудармашы Жақып Бауыржан Өміржанұлы қатысты.

Салтанатты жиында өңіріміздегі жас ақындар: Қуаныш Оспан, Мерген Тоқсанбай, Серікбай Әбілмәжін, Жайнарбек Заңдыбай, Қайрат Сейтқазин, Серғазы Қайырболды, Абылайхан Әшімхан Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады.

Іс-шараға зиялы қауым, шығармашылық интеллигенция, БАҚ,  ақын-жазушылар: Жабал Ерғалиев, Қайырбай Төреғожа,  Серік Жетпісқалиев, Құдайберлі Мырзабек, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Сабитова, жыр сүйер қауым қатысты.

 

 

 

Яндекс.Метрика