Домой Новости Казахстана Культура «Көкшенің Айбозы» жинағы жарық көрді

«Көкшенің Айбозы» жинағы жарық көрді

534
0

Белгілі дүлдүл әнші Қажыбай Жахинге арналған жаңа жинақ жарық көрді. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне белгілі өнер қайраткерлері мен қатар әншінің туған туыстары қатысты.

Жаңа жинақ 300 данамен жарық көрді. Қарымды қаламгер Байқал Байәділов пен  әншінің туған апасы Бәрия Жахина құрастырған. Жинаққа өнер иесі жайлы естеліктер, ой толғамдар еңгізілген.

Қажыбай Жахин – исі қазақтан өз бағасын алған өнер иесі. Алатау бөктерінде білім алып, кейіннен Көкше жерінде еңбек етеді. Сахна саңлағының өнердегі орының жиынға қатысқан белгілі әріптестері атап, айшықтап өтті.

Жаңа жинақ облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жарық көрді. «Көкшенің Айбозы» жинағы жақын уақытта жергілікті барлық кітапханаларға үлестірілетін болады.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму