Домой Новости Казахстана Культура Ел егемендігін алған шақта елімізде 10-ға жуық театр ашылған

Ел егемендігін алған шақта елімізде 10-ға жуық театр ашылған

150
0

Тәуелсіздік тұсында ашылған театрлар бүгінде іргелі өнер ұжымдарына айналды. Ел егемендігін алған шақта елімізде 10-ға жуық театр ашылған. Соның бірі облыс орталығындағы Шахмет Құсайынов атындағы музыкалық қазақ драмма театры. Бұдан бөлек, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Павлодар қалаларында да жаңа театрлар бой көтерді. Бір мезетте ашылған Солтүстік аймақтағы өнер ұжымдары бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, тәжірбие алмасып тұрады.

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік  Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры өз шымылдығын 2000 жылы ашқан. Міне, содан бері театр өз көрермендерін түрлі қойлымдармен қуантып келеді. 20 жылда жеткен жетістікте аз емес. Мәселен, соңғы 3 жылдың өзінде өнер ұжымы республикалық, халықаралық 5 фестивальге қатысқан. Театр қоры да жыл сайын түрлі қойылымдармен толығып тұрады.