Әлемнің мықты бүркітшілері Бурабай бөктерінде бас қосты. Саятшылық өнердің саңлағы Мәсіп Батырханұлы атындағы дәстүрлі халықаралық сайыс осымен 20-шы мәрте ұйымдастырылуда. Оған жергілікті саятшылармен қоса, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия елдерінен келген 60-тан астам бүркітші қатысуда.
Байрақты бәсекеде Ақмоланың намысын 9 бүркітші қорғайды. Бүркіт баптау бабадан қалған үрдіс.
Бүгінде елде құсбегілік өнер қарқынды дамып келеді. Яғни, тек Ақмола облысында ғана емес, республиканың әр қиырында арнайы құсбегілік бөлімдер ашылып, мамандар тартылған.
Бурабай бөктеріндегі бұл сайыстың бәсі биік, жүлдесі қомақты. Яғни, бірінші орын алған бүркітшіге 4 млн.теңге табысталмақ. Сайыс қорытындысы ертең белгілі болмақ.