«Атам мен әжем» фестиваль-байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы 16 наурыз күні облыстық «Атам мен әжем» фестиваль-байқауын өткізді.

Байқау ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, отбасы ынтымақтастығын нығайту, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді қастерлеуге, үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ата-дәстүрімізді сақтауға, әжелер мен аталар ісін үлкенге өнеге, кішіге үлгі ету мақсатымен ұйымдастырылды.

Байқау екі кезеңмен өткізілді.

Бірінші іріктеу туры онлайн форматта өтті. Қатысушылар өтінім мен бейнеролик жіберді. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жіберілген бейнематериалдарды мұқият қараған қазылар алқасын құрды. Аталған байқауға Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Біржан Сал, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Зеренді, Атбасар аудандары мен Көкшетау қаласының жасы 60-тан асқан, немере, шөбере тәрбиелеп отырған ата-әжелері қатысты.

Жалпы, бірінші турға 13 қатысушы өтінім беріп, оның ішінде екінші іріктеу турына және қорытынды концертке 10 қатысушы өтті.

Екінші іріктеу туры 2023 жылдың 16 наурызда «Достар» мәдениет сарайының сахнасында өтті.

«Атам мен әжем» облыстық фестиваль — байқауының қазылар алқасының шешімімен: Егіндікөл ауданынан келген Мажкенов Жұмажан атамыз бен Салина Қалипа Жұмағатқызы әжеміз арнайы жүлдемен 70 000 теңге сертификатты иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен 30 000 теңге ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Яндекс.Метрика