Домой Новости Казахстана Культура Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры Көкшетау сахнасында өнер көрсетті

Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры Көкшетау сахнасында өнер көрсетті

580
0

Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры Көкшетау сахнасында өнер көрсетті. Қостанайлық әртістер Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романының желісімен қойылған «Мәңгүрт» спектаклін сахналады. Қостанайлықтардың өнерін біздің түсіру топ та тамашалап қайтты.

Қойылымды қарап отырған әр көрерменнің көз алдына теміржолмен кесілген шексіз, шетсіз қазақтың кең даласы елестейді. Пьеса «Боранды» бекетінде жұмыс істейтін ауысымшы Едігейдің өмірі жайлы.  Жұмыс орнына түнде келген әйелі Үкібай оған ең жақын досы Қазанғаптың өлімі туралы естіртпек болады. «Мәңгүрт» қойылымы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын атап өту аясында сахналануда.

Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры 20 жылдық тарихында іргелі өнер ордасына айналды. Театр репертуарында қазақ классикалық әдебиеті негізінде қойылған спектакльдермен қатар, заманауи әдебиеттерден алынған туындылар да бар.

Шыңғыс Айтматов қырғыз, кеңес және орыс әдебиетінде жоғары дәрежелі жазушы болған. Оның шығармалары терең философиялық мағынамен және өткір психологизммен ерекшеленеді. Жазушының «Ғасырдан да ұзақ күн» атты алғашқы романы бірден оқырмандардың жүрегіне жол тапты. Өйткені, астарлы әңгіме ескі адами құндылықтардың заманауи әлемдегі орнын және адамзат мәселесін көтерген.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму