Ақмола облысында хореография бағыты қалай дамып жатыр?

Мемлекет мәдениет саласына қашаннан ерекше қолдау танытады.  Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде салаға енгізілген өзгеріс елеулі. Ақмола облысында хореография бағыты қалай дамып жатыр?

Революцияға дейін ақсүйектердің балалары тіл меңгерумен қатар міндетті түрде музыка, сурет салу мен би өнерін үйренетін. Би өнері бүгін де жас буынның арасында кеңінен танымал. Хореограф мамандығын икемді де еңбекқор жандар таңдайды. Олар бала кезінен арнайы үйірмелерге қатысып, буындарын жаттықтырады. Хореографиялық өнерді дәріптеуде Сандықтау ауданының орталығындағы «Сарыарқа» мәдениет үйі үлгі болып келеді.  Мұнда 10 жылдан бері «Реверанс» хореографиялық ансамблі жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда аталмыш ансамбль  Сандықтау ауданының қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысып жүр. Облыстық көркемөнерпаздар байқауларына да бірнеше мәрте қатысты. 2016 жылы  «Реверанс» ұжымы Көкшетау қаласындағы  «Дельфий ойындарының»  жеңімпазы атанған.

Бүгінгі таңда «Реверанс» ұжымында жас ерекшеліктеріне сай үш құрам бар. Жыл сайын ұжым жаңа буынмен толығып отырады.

Яндекс.Метрика