Ел Тәуелсіздігін алған тұста мәдениет саласының дамуы басты назарға алынды. Ақмола облысында да бұл сала қарқынды дамып келеді. Көкшетау биыл Қазақстанның мәдени астанасы болып танылғаннан кейін өңірде 300-ден астам іс-шара өткізілген.
Тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жоғалтқан халықтың болашағы бұлыңғыр болары сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласын дамыту ісі біршама жандана түсті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тың серпін әкелді.
Ақмола облысында да аталмыш сала қарқынды дамуда. Биыл Көкшетау Қазақстанның мәдени астанасы деп жарияланды. Осыған орай облыста көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, Көкше өңірі руханияттың жарқын үлгісіне айналып отыр.
Мәдени іс-шаралар халықтың рухани дамуы мен кемелденуіне үлкен ықпал ететіні анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәдениет саласына баса назар аудару қажеттігін айтты. Басты мақсат-өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, отаншылдыққа тәрбиелеу.