Бурабай ауданында жастардың бастамасымен 900-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған

Президент кезекті Жолдауында: «Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі, — деп атап өтті. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс, — деп үкімет сарапшыларына тапсырма берді. Бір қуантарлығы, 2020-2025 жылы жалақысы көтерілетін қызметкерлердің қатарына —  мәдениет өкілдерін де қосты.

Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы дамудың басты сатысы  — мәдениет екенін алға тартты. Атап айтқанда, жаңа жанрлық форматтарды игеріп, үнемі тәжірибе жасап жүрген жас және талантты мүсіншілерді, суретшілерді, театршыларды, музыканттарды, жазушыларды жан-жақты қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениеті ұдайы ізденіс үстінде жүретін жас таланттардың арқасында жаһандық деңгейде танылатынын атап өтті. Сол себепті де елімізде ауыл жастарына ерекше көңіл бөлінеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдан 2025 жылға дейін Үкімет мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруі тиіс. Бұл, ең алдымен, кітапхана, мұражай, театр қызметкерлеріне және әртістерге қатысты.

Яндекс.Метрика