Тәуелсіздік алған тұста бірлікке бет алған қос мемлекет бүгінде дәстүрлі достық жолын абыройлы жалғастырып келеді. Әсіресе, рухани құндылықтарды ұштастыруға басымдық беріліп отыр. Отандық еріктілер Бакуге барып, теңдессіз тәжірибе жинап қайтты.
Волонтерлік тәжірибе конкурсына Әзірбайжанға жолдама алған 4 волонтер тәжірибе алмасып қайтты. Шара барысында еріктілер көрші әріптестермен меморандумға қол қойып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Бүгінде дүние жүзінде волонтерлікпен айналысудың аясы кеңейді. Еріктілер көмегі, әсіресе, алғашқы қауіпті індет анықталған күннен бастап айқын көрінді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарды еріктілікке бел шеше кірісуге шақырды.