Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында 10 ұлттық жобаны бекітті. Солардың бірі-«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталмыш жоба аясында 5 жылда білім саласында бірқатар жұмыс атқарылады.
Ұлттық жоба бес міндет, төрт бағыттан тұрады. Солардың бірі-орта білім беру сапасын арттыру. Атап айтқанда өңірлік, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту. Ол үшін кешенді шаралар қабылданады. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары да аймақтағы ұстаздарға арнап түрлі іс-шара мен семинарлар өткізуді қолға алды.
Аталған жобаның басты мақсаты- жас ұрпаққа сапалы білім беру. Ол үшін мектеп қалалық, ауылдық деп бөлінбеуі тиіс. Яғни, әр оқу орны кәсіби ұстаздармен және де оқу процесін ұйымдастыруға қажет жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет.
Жалпы ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл білім саласына оң өзгерістер әкелері сөзсіз.